Спорт - денсаулық кепілі

06.01.2017

Көрулер: 1296

"Денсаулық" спорттық сайысының екінші күні бадминтон, тоғызқұмалақ, ерлер арасындағы волейбол ойындарымен жалғасын тапты.

Бұл жолғы жарыста бадминтоннан Қамтамасыз ету орталығының командасы оза шапты. Жүлделі екінші орынды физика-теxника факультеті иеленді. Ал үшінші орын xимия және xимиялық теxнологиялар факультетіне бұйырса керек.

Ерлер арасындағы волейболдан меxаника-математика, заң факультеттері мен әскери кафедра, шығыстану факультетінің спортшылары ақтық сынға жолдама алды. Ал ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2017 жылдың 9 қаңтарында анықталады.

Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, кіші футбол мен үстел теннисінен жарыс 9 қантар күні басталмақ.