"Денсаулық" спорттық ойындарының алғашқы жеңімпаздары анықталды

09.01.2017

Көрулер: 667

Ерлер арасындағы волейбол бойынша ақтық ойын қортындыланды.

Қауіпсіздік және жедел әрекет ету орталығы алғашқы орыннан көрініп бәйге алса, екінші орынды механика және математика факультеті қанжығалады. Ал заң факультеті тұғырдың үшінші сатысынан көрінсе керек.

Бүгін 45-ші спартакиада ойындары бойынша үстел тенннисімен кіші футболдан сайыс ұйымдастырылды. «Денсаулық» спорт жарысының бұл жолғы ойыны, яғни үшінші күні қызу қарқында өтті. Үстел теннисінен ойын жарысы болып, механика-математика, заң, физика-техникалық, биология және биотехнология, химия және химиялық технология, филология және әлем тілдері, халықаралық қатынастар, география, тарих, саясаттану және философия, журналистика факультеттері, сондай-ақ, әскери кафедра мен қауіпсіздік орталығының командалары ақтық сынға жолдама алды.

Ал 2017 жылдың 10 қаңтарында шахматтан және әйелдер арасында дартстан жарыс болмақ.

Келем деушілерге есік ашық, өз командаларыңызды қолдауға асығыңыздар!