28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының алауы ҚазҰУ-да жағылады

10.01.2017

Көрулер: 14

28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары ҚазҰУ-да басталып, Алматы қаласының ірі спорттық орындарын аралайды.

Бүгінде Қазақстанның спорттық өмірі «Универсиада-2017» ойындарының дайындығы мен өткізілуіне тығыз байланысты.

25 қаңтар күні Астана қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауы жағылады. Универсиаданың ресми ашылу салтанатына орай алау ұстаушылар 22500 шақырым жолды жүріп өтіп алауды Алматыға жеткізеді.

29 қаңтар күні Универсиада Алауы ҚазҰУ-да тұтанып, 100 алау ұстаушы  Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық базасы сияқты Алматы қаласының ірі нысандарына жеткізеді.

Айта кетейік, Универсиада алауы 25 қаңтарда Астанада, 26 қаңтар күні Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, 27 қаңтарда Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтауда, 28 қаңтарда Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорғанда, 29 қаңтарда Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жағылады.