Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

10.01.2017

Көрулер: 453

Үстел теннисі мен әйелдер арасында өткен дартс турнирінің нәтижесі белгілі болды. 

Денсаулық спорт сайысының төртінші күнгі бағдарламасы бойынша шаxматтан, үстел тенннисінен және әйелдер арасында волейбол, дартстан жарыс болып өтті.
Ал кіші футбол ойындары әлі жалғасуда.
Сондай-ақ, үстел теннисі турнирінің қортындысы шықты.
Ендеше, оқ бойы оза шапқан көшбасшылардың үштігімен таныс болсақ:

1 орын – филология және әлем тілдері факультеті
2 орын – Қорғаныс және жедел әрекет ету орталығы
3 орын – физика-техникалық факультеті

ҚазҰУ-дың дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде дартстан 17 команданың кездесуі болды. Әйелдер турнирінде xимия және xимиялық теxнологиялар құрамасының спортшы арулары жоғары көрсеткіш көрсетіп, жеңіс тұғырына шықты. Қызу тартыста жүлделі орыннан Әскери кафедра қыздары да қалыс қалмады, сайыс барысында олар екінші орынды қанжығалады. Ал қола жүлде биология және биотехнология командасына бұйырды.

Әйелдер арасында өткен волейбол ойындарының бірінші тобының көрсеткіштеріне келсек, физика-техникалық, заң, медицина, экономика, филология, халықаралық қатынастар, шығыстану, жоғары оқу орнына дейінгі факультеттері мен Қорғаныс және жедел әрекет ету орталығы биіктен көрініп, ақтық ойынға жолдама алды.

Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс пен жеңісті күндері көп болуын тілейміз!