«Денсаулық» спорт сайысының бесінші күні

11.01.2017

Көрулер: 374

«Денсаулық» спорт сайысының бесінші күнінде дартс ойынының нәтижесі белгілі болды.

Нысанаға дәл тигізу бойынша қарымды қабілетін дәлелдеген әскери кафедра бірінші орынға қол жеткізді. Күміс жүлдені химия және химиялық технологиялар факультетінің командасы иеленді. Ал құрметті үшінші орынды жеңіс тұғырынан түспей келе жатқан Қорғаныс Орталығының қызметкерлері қанжығалады. Бір қызығы, тарихы сонау Британ аралынан бастау алған дартс ойыны бүкіл ҚазҰУ қызметкерлерінің басын бір арнаға біріктіруде.

Бүгін, сонымен қатар, әйелдер арасында волейболдан екінші топ командалары ойынға қатысты. Нәтижесінде, ақтық сынға шыққан механика-математика мен философия және политология факультеттерініің командалары жүлдеді орынға таласады.

Естеріңізге сала кетелік, 12 қаңтар күні кіші футболдан жарыс жалғасын табады, сондай-ақ, әйелдер арасындағы шахмат пен волейболдан қорытынды ойын болады.