Қорытынды ойын

12.01.2017

Көрулер: 348

«Денсаулық» спорттық сайысының қорытынды күні қызу қарқында өтіп, керемет көңіл-күй сыйлады.

«Әйелдер арасында өткен волейбол ойының нәтижесі 13 қаңтар күні Кәсіби комитеттің аппеляцияны қарастыру отырысынан кейін белгілі болады», - деп хабарлайды ҚазҰУ спорт клубы.

Кіші футбол Командалық ойындарының нәтижесі анықталды. Бұл сайыста тарих және археология факультетінің командасы жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды. Шығыстану факультетінің қызметкерлері де бәйгеден қалыспай, екінші сатыдан көрінді. Жоғары жетістікке қол жеткізгендер қатарында фиолология және әлем тілдері факультеті бар, олар қола медальді қанжығасына байлады.

Келесі кезекте шахмат турнирінің қорытынды көрсеткіштеріне келсек, бас жүлдеге, сөзсіз, механика-математика факультеті лайық деп танылды. Әрине, таңғалудың қажеті шамалы, математика - ғылымның патшасы екені анық. Тіпті, Индиядан бастау алған шахмат арқылы өз заманында біраз мәселелер шешілген. Аталмыш ойында стратегиялық және логикалық ойлау қабілеті ерекше рөлге ие. Екінші орыннан көрінген қорғаныс орталығының бүгінгі ойыны мұның бір айқын көрінісі іспеттес. Ал филология және әлем тілдері факультеті айтулы биігінен түспей келеді, олар бүгінде 17 команданы артта қалдырып, турнирдің құрметті үшінші орнына ие болды.

13 қаңтар күні, ертең «Денсаулық» спорт сайысының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Өз командаларыңызды қолдауға келіңіздер, олар расыменде, қолпаштауға лайық!

Сонымен қатар, біз намысты қолдан жібермеген жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтағымыз келеді!