ҚазҰУ студенті Даяна Ахметвалиева бірінші және жалғыз спортшы

31.01.2017

Көрулер: 700

Трампилиннен шаңғымен секіру бойынша Қазақстан құрамасының ойыншысы Даяна Ахметвалиева жарыс алдында өз әсерімен бөлісті.

Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында Даяна Ахметвалиева Қазақстан атынан тұңғыш рет әйелдер арасында  шаңғымен трамплиннен  секіруден қатыспақ. Даяна - спорт шеберінің үміткері, 2016 жылғы ҚР чемпионатында 2 орын алды, ал Румынияда өткен жарыста 5 мықты ойыншы қатарына енген. Универсиада басталмас бұрын Даяна Еуропада дайындық жүргізген болатын, сондай-ақ, Алматы қаласының спорт алаңдарында күніне екі рет күн сайын жаттығады.

1 ақпан күні Даяна жарысқа қатысады және аздап толқып жүр. Спортшы қыз« Мен бірінші және жалғыз спортшымын. Сондықтан, Қазақстанды лайықты таныстыруым қажет. Уайымдаудамын»,- деп алаңдаулы екенін жасырмады.

Атап өту керек, Даяна Ахметвалиева - ҚазҰУ-дың медицина факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасының бірінші курс студенті.