Айтулы аламанда - Қазақстан екінші

03.02.2017

Көрулер: 2042

Алматыдағы Универсиада-2017 ойындарының төртінші күні өз мәресіне жетіп, нәтижесі белгілі болды.

Ойын қорытындысына сай Ресей командасы 14-3-6 есебімен көш бастап тұр. Екінші орында Қазақстан командасы — 6-2-7 қанжығаласа, үшінші сатыға Франция елі — 3-1-1 лайықталса керек.

Айта кету керек,  кешегі ойында отандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Шаңғы жарысынан Стоян, биатлоншы Еремин қола алды. Ал бүгінгі спорттық сайыста 8 медаль ойнатылатын болады.

Спортшыларға сәттілік тілейміз!