ProQuest Dissertations and Theses Global (PQDT Global)

28.02.2017

Көрулер: 1169

Әл-Фараби Кітапханасы 2017 жылдың 22 наурыз аралығында ProQuest Dissertations and Theses Global (PQDT Global) шетелдік толық мәтінді диссертациялық деректер қоры тестілік режимде қолжетімді болғаны туралы хабарлайды. 

ProQuest Dissertation & Theses Global (PQDT Global)  – шетелдік диссертациялардың толық мәтінді деректер қоры. Ол қашықтағы депозитарийлер мен кеңейтілген көлемдегі жаңа зерттеулер нәтижелеріне жылдам қол жеткізу мүмкідгін береді.
Қазіргі таңда бұл коллекцияда 3,8 млн.-нан астам диссертация, оның ішінде 1,7 млн. толық мәтінде ұсынылған. 

Бастапқыда АҚШ Конгресі Кітапханасының диссертациялар қорының ресми депозитарий ретінде пайда болған, PQDT Global деректер қоры, солтүстік америкалық диссертациялардың толықтай дереккөзі ғана емес, сондай-ақ,  «Рассел» тобы (Russell Group) Ұлыбритания және Шырмауық Лигасы (The Ivy League) АҚШ сияқты ең ірі университеттер мен жетекші әлемдік жоғары оқу орындарының қарқынды өсу үстіндегі диссертациялар санын қамтиды.  PQDT Global негізделген жаңартылған ProQuest платформасы жоғары технологиялық навигациялық құралдармен жабдықталған. Орыс тілді интерфейсті таңдау және аңдатпаны орыс тіліне аударуға  мүмкіндік бар. 

Ресурстың бірегейлігі

• Ірі толық мәтінді диссертациялар қоры
• 3,8 млн. астам диссертациялар + жыл сайын 100 мың толықтырулар 
• Халықаралық қамту – әлемдегі 88 елдің университеттерінің жұмыстары (еңбектері)
• Көп тақырыпты контент
• Әлем бойынша 3000-нан астам жазылушылар – ай сайын 45000-нан астам жүктеулер 
• Мыңдаған диссертацияларда аудио- және бейнематериалдар, және басқа да цифрлық контент түріндегі қосымшалар берілген.  

Ресурсқа сілтеме: https://trials.proquest.com/trials/trialSummary.action?view=subject&tria...

Деректер қорына тек университет компьютерлері арқылы кіре аласыз.  

Әдістемелік орталық

Байланыс телефоны: + 7 727 393 40 66
e-mail: 
library@kaznu.kz