Merck Index* Online деректер қоры тестілік режимде қолжетіміді

01.03.2017

Көрулер: 988

Әл-Фараби кітапханасы Merck Index* Online деректер қоры тестілік режимде қолжетімді болғаны туралы хабарлайды. 

Мерк индекс деректер қоры 120 жылдан бері химиялық заттек, дәрілер және биологиялық дәрмектер туралы ең беделді және сенімді ақпарат көзі болып келеді. Корольдік химиялық қоғамы бұл ресурсқа онлайн қолжетімділік мүмкіндігін берді. Толық мәтінді Онлайн Мерк индексі* деректер қорынан сенімді, шынайы ақпаратқа қол жеткізу ыңғайлы және оңай. 

Мерк индексі келесіні қамтиды:

•    химиялық заттардың сипаты (шамамен 11 500 мақала);

•    атаулы реакциялар тізімі;

•    айқыш сілтемелердің түрлі кестелері;

•    баспа нұсқаларында кездеспейтін тарихи есептер. 

Онлайн Мерк Индексі* үнемі жаңартылып, сарапшылар жетекшілігімен сенімді ақпаратпен толықтырылып отырады.

Ресурсқа сілтеме: https://www.rsc.org/merck-index 

Деректер қорына тек университет компьютерлері арқылы кіре аласыз.  

Әдістемелік орталық

Байланыс телефоны: + 7 727 393 40 66
e-mail: 
library@kaznu.kz