Әскери психология: ерекшеліктері мен даму болашағы

03.03.2017

Көрулер: 817

ҚазҰУ әскери кафедрасында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Әскери психология: ерекшеліктері мен даму болашағы» тақырыбына семинар түрде тәрбие шарасы өткізілді.

ҚазҰУ әскери кафедрасында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында әскери кафедрасының студенттері мен профессорлық-оқытушы құрамымен бірге, «Әскери психология: ерекшеліктері мен даму болашағы» тақырыбына семинар түрде тәрбие шарасы өткізілді.

Семинардың ұйымдастырушы-модераторы ретінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы профессорының міндетін атқарушысы М.П. Кабакова сөз сөйледі. «Психология» мамандығының 3 курс студенттері баяндама жасады.

Ұсынылған тақырыпты және Қазақстан Республикасындағы әскери психологияны дамыту бойынша тәжірибелік ұсынымдарды жасау жөніндегі талқылауда әскери кафедра бастығының орынбасары полковник М.Тоекин, заңды кеңесші және әскери-тергеу жұмысы циклының бастығы подполковник Р.Қырықбаев, ҚР әскери ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты запастағы полковник К.Кибатаев, оқытушы запастағы подполковник Э.Угоденко белсенді қатынас көрсетті.

Философия және саясаттану факультет деканының орынбасары Н.С.Алгожаева семинар қорытындыларын шығарды, және Әл-фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының басшылығына белсенді қатынасы мен осы маңызды шараны ұйымдастырып, жүргузуде көмек көрсеткені үшін алғыс сөздерін айтты.