Инновициялар және бизнес

10.03.2017

Көрулер: 783

15 наурыз күні сағат 19:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында Германиядан келген, атақты халықаралық бизнес-тренер Константин Шамбер жас кәсіпкерлер, студенттер мен оқытушыларға арналған «Инновациялар деген не және жақсы бизнес-идеяларды қайдан табуға болады?» атты шеберлік сағатына шақырады.  Кездесу жастардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

Бұл жоба «Қазақстан-2050» стратегиясы мен БҰҰ және ЮНЕСКО-ның «Тұрақты дамудың мақсаттары» жобасын жүзеге асыруға негізделген.  Шеберлік сағаты студенттерді кәсіби ортаға тартуға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайтып, кәсіпті сәтті түрде жүргізудің жолдарымен таныстыруға, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.

Бүгінгі таңда тұрақты кәсіпкерлік экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі факторларының бірі болып саналады. Стратегиялық мәдени коммуникация орталығының директоры (StrategicInterCom GmbH), Бизнес-Инновациялардың Азия-Еуропалық Конгресінің негізін қалаушысы (AEBIC) Константин Шамбердің айтуынша, кәсіпкерліктің бастауында интеллектуалды шиеленіс болуы керек. креативтілік, өз-өзіне сенімділік, жаңашылдық, мәселелерді шешуге деген стандарттан тыс көзқарас ең маңызды қасиеттер болып  саналады.

Халықаралық маман инновацияның не екенін, тиімді бизнес-идеяны қалай табуға болатынын, бизнесті неден бастау керектігін, өз кәсібіңді тұрақты және перспективті дамыту үшін қандай құралдарды қолдану қажет екенін түсіндіреді.

Айта кетейік, бірінші кездесу 2016 жылдың күзінде бизнес білім беру жобасының аясында ұйымдастырылып, 300-ге жуық қатысушының жағымды пікіріне ие болған еді.

Шеберлік сағатына қатысу үшін 2017 жылдың 14 наурызына дейін http://schamber.wizico.kz/ сілтемесі бойынша тіркелу керек.

Барлық сұрақтар бойынша: 87471093243

 

Баспасөз қызметі