«Сандық Жер» бірлескен жобаcы

14.03.2017

Көрулер: 885

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайлық серіктесі The Institute of Remote Sensing and Digital Earth-бен бірлесіп Жерді қашықтықтан алдын ала барлау орталығын ашуда. Бұл туралы университет пен ҚХР Ғылым академиясының Қашықтықтан алдын ала барлау және сандық Жер институты (RADI) арасында келісім орнатылды.

Орталық деректерді өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу зертханасын, көрме кешені мен арнайы құралдармен жабдықталған дәріс аудиторияларын біріктіреді. Жоба барысында студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби құзыреттілігін көтеруге үлкен мән берілетін болады.

ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановпен кездесуде тараптар ғарыштық зерттеулер саласында RADI-мен ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және ғылымды көп қажет ететін технологияларды дамытуға, жас ғалымдарға арнап ортақ ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын жүргізуге қатысты мәселелерді талқылады. Осы жылдан бастап RADI ҚазҰУ-дың 5 маманын тағылымдамадан өтуге қабылдайтын болады. Екі жақтан ғылым, техника, білім саласындағы қарым-қатынастың болашақ пішінін қарастырып, дайындық іс-шараларын ұйымдастыратын 20 сарапшыдан тұратын жұмыс тобы құрылды.

Жерді қашықтықтан алдын ала барлау орталығы университеттің нақты сандық жобасы болып табылады және «сандық» Қазақстан құру бойынша ғылыми, қолданбалы, технологиялық, сараптамалық және білім беру міндеттерінің шешу жолдарын бағамдайды. Жерді алдын ала барлаудың алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалану ҚазҰУ орталығында геологиялық зерттеулер, картографиялау, аэро және ғарыштық түсірілімдер мен спектрометрия жүргізуге және гиперспектральді суреттерді алып, қашықтықтан қадағалаудың үлкен мұрағаттарымен жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік береді.

ҚазҰУ аэроғарыштық сала үшін құнды әрі өзекті бірегей ғылыми-зерттеу нәтижелеріне және тәжірибелі құрылмалы жобаларға ие. Тұрақты даму бойынша барлық инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асыру жуық арада ҚазҰУ-ды қашықтықтан алдын ала барлау бойынша Орталық Азиядағы халықаралық хаб ретінде лайықты дәрежеде көрсетуге мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметі