ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ

15.03.2017

Көрулер: 1192

 

 

 

Астана қаласында өтетін EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесіне арналған

ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ

4-18 сәуір 2017 жыл

 

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ұйымдармен, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, жетекші ғылыми орталықтармен бірлесе отырып сәуір айының 4-18 жұлдызы аралығында Астана қаласындағы EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесіне арналған ІV Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді.

2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аясында өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде жыл сайын Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналған.

Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.

«Әл-Фараби және Қазіргі заман» ІV Халықаралық Фараби Форумы

4-5 сәуір 2017 жыл

Форумның негізгі бағыттары:

  1. Ұлт жоспарын жүзеге асыруда зерттеу университеттерінің рөлі: Қазақстанның үшінші модернизациясы
  2. Заманауи өркениеттер сұхбатындағы Әл-Фараби философиясы
  3. Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері
  4. ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер
  5. Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару
  6. Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы

 

«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына орай

«Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруы: «Алаш» және «Мәңгілік ел» идеялары»

атты халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция

6 сәуір 2017 жыл 

 

Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмысы жоспарланған:

  1. Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруының тарихи-рухани негіздері
  2. «Мәңгілік ел» идеясы және Отан тарихының өзекті мәселелері
  3. Е.Бекмаханов мұралары және «Алаш» идеясы мен Алаштану мәселелері
  4. Тарихты оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары

Өткізілетін орны: Тарих, археология және этнология факультеті

 

 «Биотехнология, экология және физико-химиялық биологияның өзекті мәселелері»

халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

6 – 7 сәуір 2017 жыл

Конференция бағыттары:

  1. Халықаралық конференция бағдарламасында келесі бағыттар бойынша баяндамалар әзірленеді:
  2. Қолданбалы және іргелі биотехнология мәселелері. Биоинформатика.
  3. Қазіргі заманғы микробиологияның өзекті аспектілері.
  4. Қазіргі заманғы биомедицина мен биофизиканың өзекті мәселелері.
  5. Экология және ресурстарды сақтау.
  6. Биология және биотехнологиядағы инновациялық оқыту әдістері.

Дөңгелек үстел G-Global пікірталас алаңында – биоэнергетиканың балама көздері – экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудегі маңызды фактор.

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы

 

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі орны» дөңгелек үстел

6 сәуір 2017 жыл 

Өткізілетін орны: Халықаралық қатынастар факультеті

 

«Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинанының
заманауи мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы

7 сәуір 2017 жыл

Конференцияның негізгі секциялары:

  1. Мультидисциплинарлық секция «Қоршаған орта қауіпсіздігі және денсаулық. Заттардың қауіпсіздігі: ОЭСР бағдарламалық бағыттарын жүзеге асыру»
  2. «Балаларға арналған тауарлар қауіпсіздігінің өзекті мәселелері».
  3. Дене шынықтыру және спорт, салауатты өмір салтының теориялық және тәжірибелік аспектілері

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы

 

Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы

оқыту модельдері ІІ конференциясы  

7 сәуір 2017 жыл

Ғылыми пікірталас сессиялары мен бағыттары:

Журналистік білім берудің халықаралық трендтері

  •   Журналистік білім берудің жаһандық бағыттары;
  •   Қазақстандық медиа-мектеп: инновациялық модельдер.

           Халықаралық журналистика – даму мәселелері

  •  Мамандықтың жаңа стандарттары: Орталық Азиядағы журналист мәртебесі;
  •  Реттеу құралдары және БАҚ-тағы өзін-өзі реттеу;
  •  Журналистік шеберлік және бұқаралық мәдениет нысанындағы кәсібилік;
  •  Тұрақты даму және журналистика: өзара қарым-қатынас аспектілері;
  •  Азаматтық журналистика контенті.

MTIJ конференциясы технологиялық алаң ретінде

  • Халықаралық журналистиканы дамыту саласындағы MTIJ конференциясының мүмкіндіктері;
  • Журналистика педагогтарының корпорациясын құру: ұйымдастыру мәселелері және ұсыныстар.

Өткізілетін орны: Журналистика факультеті, Т..Қожакеев атындағы мәжіліс залы (230 ауд.)

«Іргелі және қолданбалы физиканың өзекті мәселелері» дөңгелек үстел

10 сәуір 2017 жыл 

Бағыттары:

  1. Іргелі физиканың өзекті мәселелері
  2. Альтернативтік энергетика: күйі және келешегі
  3. Қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелер: проблемалары, тенденциялары мен келешегі
  4. Материалтану және бейсызық физиканың заманауи мәселелері

Өткізілетін орны: Физика-техникалық факультеті

 

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа»

Халықаралық студенттік форумы

11-12 сәуір 2017 жыл 

Панельді секциялар бағыттары: 

  1.  "Жасыл" экономикаға өту және экологиялық мәдениет;
  2. Тұрақты даму мәнмәтінінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау;
  3. EXPO 2017: баламалы энергетика және индустриалды-инновационды даму;
  4. Жасыл инфрақұрылымды дамытудың мүмкіншілігі ретінде табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру және оңтайландыру. 

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы

 

«Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың

концептуалдық бағыттары: отандық және халықаралық тәжірибе»

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

13 сәуір 2017 жыл 

Конференцияда келесідей бағыттар бойынша өзекті мәселелер талқыланады:

  1. Ұлт жоспары ҚР Президентінің «Бес инстутиционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты бағдарламасы аясында сот – құқықтық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары;
  2. Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасының концепциясын талқылау аясындағы сот пен құқық қорғау органдары қызметінің өзекті мәселелері;
  3. Қылмыстық саясаттағы либерализациялау және ізгілендіру мәселелерінің заманауи алғышарттары;
  4. Сотқа дейінгі өндірісте адам құқығын қамтамасыз ету мәселелері
  5. Техникалық-криминалистік және сот-сараптамалық қызметтің ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етілу мәселелері

Өткізілетін орны: Заң факультеті, 413 дәрісхана

 

«Қазақстанның Үшінші модернизациясында жасыл технологиялардың рөлі»

дөңгелек үстел

13 сәуір 2017 жыл 

Дөңгелек үстел барысында келесі сұрақтар бойынша үздік тәжірибелер талқыланады:

  1. Су ресурстарын тұрақты пайдалану;
  2. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік;
  3. Тұрақты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын экономика драйвері ретінде дамыту;
  4. Қалдықтарды басқару жүйесі;
  5. Заманауи экономикалық қауіпсіз «жасыл технологиялар».

Өткізілетін орны: География және табиғатты пайдалану факультеті

 

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың

халықаралық ғылыми-конференциясы 

10-12 сәуір 2017 жыл

Конференция келесі факультеттерде өтеді:

  1. Биология және биотехнология факультеті
  2. Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
  3. Журналистика факультеті
  4. Шығыстану факультеті
  5. География және табиғатты пайдалану факультеті
  6. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
  7. Тарих, археология және этнология
  8. Халықаралық қатынастар факультеті
  9. Механика-математика факультеті
  10. Филология және әлем тілдері факультеті
  11. Философия және саясаттану факультеті
  12. Химия және химиялық технология факультеті
  13. Физика-техникалық факультет
  14. Заң факультеті
  15. Медициналық факультет – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі

2017 жылдың 18 сәуірі күні ІV Халықаралық Фараби оқуларының салтанатты жабылуы өтеді.

ІV Халықаралық Фараби оқуларының аясында өткізілетін іс-шараларлар жайлы толық ақпаратты ұйымдастырушы-факультеттердің ақпараттық хаттарынан алуға болады.  

ІV Халықаралық Фараби оқуларының ұйымдастырушылардың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, п/и 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтты университеті, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент.

Тел. +7 (727) 221-11-62, Elmira.Slyamova@kaznu.kz;

+7 (727) 221-11-61, Ainur.Akynbaeva@kaznu.kz