Заңға қызмет

16.03.2017

Көрулер: 847

ҚазҰУ заң факультетінің студенттерінің Алматы облысы прокурорының атқарушы өндіріс бойынша көмекшісі Қайрат Ермахановпен кездесуі болып өтті.

Шара барысында Қайрат Ермаханов прокуратура мекемесінің алдына қойылған міндеттерін назарға алып, оның ішінде азаматтардың конституциялық құқықбұзушылық, тероризм, экстремизм және жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстарын атап өтті. Ол сот істері мекемесінде атқарылатын жұмыстарға қойылатын талаптарға тоқталып, психологиялық және кәсіби тестілеудің жүргізілу тәртібін баяндады.

Сонымен қоса, студенттер прокуратура мекемесі қызметі жөнінде және прокурорлардың қатысуымен өтетін іс-шаралалар туралы және ойларында жүрген өзге де сұрақтар қойып, мекемеден тәжірибеден өту, қызметке орналасу жайлы сан түрлі сауалдарына жауап алды. Прокурор көмекшісі ҚазҰУ-ды тәмамдаған студенттер алған білімдерін тәжірибемен ұштастыратынына сенім білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақ Ұлттық университетінің түлектерінің біршамасы Заңға адал қызмет етіп жүр.