«Психология» мамандығының ашық есік күні»

17.03.2017

Көрулер: 208

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «Психология» мамандығының ашық есік күні» атты кәсіби бағдар беру іс шарасы өтті.

Оған сексеннен аса қатысқан қонақ қатарында Алматы қаласындағы мектептердің 10-11 сынып оқушылары, олардың ата-аналары, мектеп психологтары, оқытушылар, жұмыс берушілер, кафедра серіктестері мен ҚазҰУ түлектері болды.

«Психология» мамандығының ашық есік күнін қолдап келген «Дағдарыс орталықтарының Одағы» басқармасының төрайымы З.М. Байсакова, Қ.Р. мемлекеттік күзет қызметінің психологы А.А. Рысмендиева, «Мектептегі психология» журналының бас редакторы А.К. Олжаева, Цеснабанк адам ресурстарын басқару Департаментінің оқыту орталығының бизнес-тренері А.М. Бекбаева Алматы қ. №8 оқушылар үйінің директоры Д.С. Қожахметов, Алматы обл. Қарасай ауданы Алмалыбақ мектеп-гимназиясының директоры С.О. Махамбетова өз ойларын жеткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Аталмыш шара аясында «Менің сүйікті мамандығым» атты тақырыпта қабырға газеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және мамандық жайлы бейне роликтер назарға ұсынылды. Сондай-ақ «Психология мамандығының» студенттері «Сказка – ложь, да в ней намек…» атты байқауы аясында ұлттық ертегілерді сахналады. Көрермендер мен қазылар алқасының пікірінше 2 курс орыс бөлімі студенттері «Морозко» ертегісінің ерекше психологиялық тұрғыдан талдау жасаған. Байқау барысында «Қасқар және жеті лақ» ертегісі бойынша «Үздік декорация» номинациясын 3 курс қазақ бөлімі студенттері жеңіп алса, «Золушка» ертегісін заманауи  тұрғыда суреттеген 3 курс орыс бөлімінің студенттері «Үздік қойылым» номинациясына ие болды. 

Ертегілер көрсетілімі арасындағы кафедра серіктестерінің бірі К. Байсейтова атындағы Республикалық музыкалық мектеп оқушылары музыкалық нөмерлерімен көрермендерді қуантты.

Сонымен қатар кафедра оқытушылары С. Құдайбергенова және А. Файзуллина іс шара қонақтарына танымдық және диагностикалық байқаулар өткізді.

Ашық есік күнін жалпы және қолданбалы психологиясы кафедрасының профессоры М. Кабакова, профессор Ф. Ташимова, аға оқытушы А.Файзуллина және топ кураторлары ұйымдастырды.