«Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинаның заманауи мәселелері»

17.03.2017

Көрулер: 977

Медициналық факультетҚоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебі 

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ 

4-18 сәуір 2017 ж.

 

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

«ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

 

7 сәуір 2017 жыл

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2017 жылы 7 сәуірде Әл Фараби  кітапханасында өтетін «Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинаның заманауи мәселелері» тақырыбындағы I Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның   негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1)   Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинаның даму ауқымдылығы және ғылыми мәселелер бойынша тәжірибемен, көзқарас-пікірмен алмасу болып табылады.

2)   Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинаның ғылыми мәселелерін шешуге тәжірибеден өткен мамандарды тарту;

3)   Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинаның өзекті мәселелерін талқылау бойынша пікірталас алаңын құру;

4)   Қоғамдық денсаулық пен профилактикалық медицинаның мәселелерін шешу бойынша   еркін топтардың қалыптасуына жағдай туғызу;

 

Конференцияның негізгі секциялары:

- Мультидисциплинарлық секция «Қоршаған орта қауіпсіздігі және денсаулық. Зат қауіпсіздігі: ОЭСР бағдарламалық бағыттарын жүзеге асыру»

- «Балаларға арналған тауарлар қауіпсіздігінің өзекті мәселелері».

- Дене шынықтыру және спорт, салауатты өмір салтының теориялық және тәжірибелік аспектілері

 

 

Қатысу түрі: баяндама жасау және мақалаларды жариялау, мақаланы жариялаусыз баяндама жасау, тек мақаланы ғана жариялау, стендтік баяндамалар жасау;

Жарияланым түрі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

Ұйымдастыру комитетіне түскен материалдар және баспаға ұсынылған материалдар конференцияның жинақтарында жарияланатын болады.

Конференцияға қатысу тегін .

 

Мақалаға тапсырыстар 2017 жылдың 7 сәуіріне дейін электронды түрде қабылданады.  

Ұйымдастыру комитетіне және баспаға беруге ұсынылған материалдар конференция жинағында жарияланады.

 

Мақалалар келесі түрде рәсімделуі қажет:

  •    Көлемі 5 бетке дейін,
  •    Windows 98/2000/XP; Microsoft Word 2003 бағдарламаларында,
  •    Беттер параметрі: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы - 3 см,оң жағы- 1,5 см.
  •    Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт мөлшері– 12 pt
  •    Аралық интервал – бір, азат жол басындағы бос жері – 1,25 см; бағдары кітап түрінде; колонтитул мен беттері қойылмаған; мәтін ені бойынша тегістелген;

Тезиске қосымша файл автор жөнінде мәліметтері болуы тиіс (қатысу жөніндегі өтініш тапсырыс) файлды өз тегіңізбен атаңыз.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті тезистерді жариялау кезінде жоғарыда аталған талаптарға сай келмеген жағдайда, сонымен бірге жұмысының негізгі бағыттарынан тыс ауытқығанда, баяндамалар мен тезистерді жарияламай кері қайтаруға құқығы бар. Ұйымдастыру комитеті тезис мәтінін түзетуді қарастырмайды.

Бір автордан 3 тезистен көп қабылданбайды.

Қосымша ақпаратты төмендегі сайт сілтемесіне баса отырып, ала аласыз. www.kaznu.kz 

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71. Тел.: +7 (727)3773267 (ішкі нөмірі 11-61),

Тезистер мына электрондық мекен-жайлар бойынша қабылданады:

Қоршаған орта мен халық денсаулығының қауіпсіздігімен, заттардың қауіпсіздігімен байланысты ОЭСР бағдарламалық бағыттарының жүзеге асырылуы тақырыптары бойынша Даниярова Анар Бақыткерейқызы, эпидемиология және гигиена кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі, м.ғ.к., доцент міндетін атқарушы.

Тел.: +7 (727) 2211614,ұялы телефоны: +7(701) 7801219, электронды мекен жайы: ephykaf@gmail.com 

Балаларға арналған тауарлар қауіпсіздігінің өзекті сұрақтары бойынша Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы меңгерушісінің орынбасары PhD доктор, доцент міндетін атқарушы Душпанова Анар Төрежанқызына хабарласыңыздар.

Тел.: +7 (727) 2211623, ұялы телефоны: +7(775) 3420471, электронды мекен-жайы: a.dushpanova@gmail.com.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы тақырыптар бойынша Әл Фараби атындағы ҚазҰУ   дене шынықтыру және спорт кафедрасының, аға оқытушысы СҒЗҮ жетекшісі Вишнякова Наталья Петровнаға хабарласыңыздар.

Тел.: +7 (727) 221 1370 (ішкі нөмірі. 1370), ұялы телефоны: +7 (701)755 3418, электрондық мекен-жайы: Natalya.Vishnyakova@kaznu.kz

 

Конференцияға қатысуға тілек білдіргендер келесі түрде тапсырыс бере алады:

 

Қатысушының тіркеу формасы:

Ф.А.Ә. (толық):____________________________________________________

Оқу және жұмыс орны: ______________________________________________

Қызметі, ғылыми атақ дәрежесі:_____________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________________

Электронды мекен-жайы (E.mail): ______________________________________

____________________________________________________________________

Конференцияның бағыты:

____________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 

Конференцияға қатысу түрі (қажеттісін таңдап алыңыз):

Баяндама жасау және жарияланым:_______________________________

Баяндама жасау____________________________________________

Тек қана жарияланымдар_________________________________________________

 

 

Мақала мен тезисті рәсімдеу үлгісі 

 

 

 

 

Құдайбергенова Б.К. 

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасының аға оқытушысы

Алматы қаласы, ҚР

 

 

МЕДИК-СТУДЕНТТЕРДІҢ АРАСЫНДА ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРГЕ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ