« “Бір белдеу – бір жол ” бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы»

17.04.2017

Көрулер: 776

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017 жылы маусым айының 28-30 күндері Алматы қаласында «Жаңа жібек жолы форумы (АЛМАТЫ 2017) “Бір жол – бір белдеу ” бойындағы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты Халықаралық Форум өткізеді.

Форумның негізгі мақсаты: “Бір белдеу – бір жол ” бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялар ынтымақтастығы мен инновациясын дамыту; Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялық жабдықтардың қолданылу жағдайы, инновациялық кеңістігі мен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талдау; халықаралық ғылыми алмасуларды ілгерілету; достық пен ынтымақтастықты нығайту; зерттеу нәтижелерін өзара бөлісу.

Форум барысында Қытайдан келген мамандар өздерінің білім беру саласындағы соңғы технологиялық жабдықтарын таныстырады. Конференцияға Қазақстан, Қытай, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген мамандар мен ғалымдар қатысады.

Форумда талқыланатын тақырыптар:

  1. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында технологиялық жабдықтарды қолдану жағдайы мен инновациялық ынтымақтастық мәселелері;
  2. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен даму болашағы;
  3. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру және білім беру экономикасының тұрақты даму мәселелері.

Уақыты: 29-30 маусым 2017 жыл

Форумның өтетін орны:   Қазақстан Республикасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби Ғылыми кітапханасы

Демеуші: «ҚХР Шығыс халықтары» (Бейжиң) Білім беру технологиясы компаниясы ЖШС

Назарларыңызға:

2017 жылдың 30- сәуірге дейін форумға қатысу өтініш кестесі мен мақала түйіндемесінің электрондық нұсқасын жіберу;

2017 жылдың 10 мамырына дейін мақаланың толық нұсқасы мен баяндама мәтінінің электрондық нұсқасын жіберу;

Тіркеу: 29 маусым 2017 жыл, сағат 9.00.

 

2017 жылы 28 маусым Қонақ үйге орналасу;

Форум материалдары форумға дейін басып шығарылады;

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, қытай, орыс және ағылшын.

Байланысушы: Ainur Turgenbay (Түргенбай Айнұр)

Байланыс телефоны: + 747 372 75 83

Электрондық адресі: altyn-alka@mail.ru , Ainur.Turgenbai@kaznu.kz

Форум 2017 Ақпараттық хат.docx