ҚМУ делегациясының сапары

18.04.2017

Көрулер: 346

ҚазҰУ-ға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ делегациясы ат басын бұрды. Іс-сапар барысында Ғылыми-технологиялық парк директоры Әмірхан Темірбаев пен Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры Серік Мұхамбетжанов қонақтарды ҚазҰУ технопаркі жұмысымен таныстырды.

Сондай-ақ, делегация өкілдері технопарктегі стартап компанияларды, радиохимиялық зерттеу және биомедицина орталығын, көмірсутек және орнын толтыратын шикізаттарды өңдеу, плазмалық технология зертханасын және ҚазҰУ жылыжайын аралады.

Кездесу аясында Ә.Темірбаев технопарк жұмысына толығымен тоқталып өтіп, С.Мұхамбетжанов жасыл экономика және энергетика бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілуі жайын сөз етті.

Қызылордалық қонақтар стартап компания құру, ғылыми зерттеулер туралы көкейкесті сұрақтарын қойды. Олар технопарк ұжымынан стартап компания құру турасында шеберлік сағатын өткізіп, оқу курстарын жүргізуді сұрап отыр. Сонымен қатар, Қорқыт ата университетінің делегация өкілдері бірлесіп инновациялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. 

 

Баспасөз қызметі