Голландықтар ҚазҰУ-да қонақта

19.04.2017

Көрулер: 666

ҚазҰУ кітапханасында Голландияның Утрехт университетінің студенттерімен кездесу өтті. Шараны География және табиғатты пайдалану факультеті ұйымдастырды.

Кездесу ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы" бастамасы негізінде "жасыл" экономиканың мүмкіндіктерін қарастырып, энергия үнемдеуші ресурстар бағдарламасын жүзеге асыруды мақсат етті. Шара барысында факультеттегі тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Роман Ященко спикерлік етіп, студенттер арасында «Green standards in Almaty», «GIS in cartography», «The role of cloudiness in weather and climate formation», «Development of ecological awareness of young people by ecotоurism» тақырыптары қарастырылды. Сондай-ақ, кездесуде жастардың экологиялық қозғалысының қызметі, экологиялық мәселелердің алдын-алу жайы кеңінен талқыланды. 

Баспасөз қызметі