Айтулы академик 80-ге толды

05.05.2017

Көрулер: 264

ҚазҰУ-да экономика ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Сатыбалдиннің 80 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. Мерейтойға алыс-жақын аймақтардан белгілі ғалымлар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ, ҚазҰУ оқытушы, профессорлары және экономика және бизнес жоғары мектебінің магистрант, докторанттары қатысты.

Шара барысында Сағындық Сатыбалдиннің өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметі сөз етіліп, қазақ ғылымындағы алар орны айрықша аталып өтті. Оның монографиялық еңбектері, атақ-дәрежелері жайлы жарыса баяндаған жақсы-жайсаңдар ерекше естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің, ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің және өзге де беделді басшылармен қатар Қазақстанның әр аймағынан келген құттықтау хаттары оқылып, академикке құрмет көрсетілді. Жылы лебіздерге толы жиында әсерлі әңгімелер ғана айтылып қоймай, мазмұны зор маңызды мағлұматқа қанықты.