Zertis жобасы

06.05.2017

Көрулер: 580

ҚазҰУ Технопаркі тарапынан дайындалған "Zertis" атты резидент-жобасы "Startup Bolashak" (2-ші маусым) республикалық сайысқа қатысып 2-ші орынға ие болды. Бұл жеңіс инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Жобаның негізі - топырақсыз және автоматты түрде өсімдіктерді өсіру болып табылады. Бұл технология энергияны, уақытты және суды үнемдеп, экологияға кері әсер тигізбеумен қолайлы. Аталған технологиямен ҚазҰУ-дің Технопаркіне барып танысуға болады (7-ші зертхана және жылыжайдың аймағыңда).

"Zertis" жобасы ("зерттеу" + "іс" = Zertis) ҚазҰУ түлектері бар командамен іске асырылып жатыр: Арман Тосқанбаев, Еркебұлан Марал, Диас Тастанбеков. "Startup Bolashak" сайысы жыл сайын "Даму" қордың қолдауымен "Болашақ" қауымдастығы ұйымдастырады.