Патриоттарды тәрбиелейміз!

10.05.2017

Көрулер: 557

Патриоттарды тәрбиелейміз!

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығы мерекесіне байланысты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы "Қазақстандық жастарды әскери-патриоттық тәрбие ұйымдастыру жөніндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстың бағыттары" тақырыбына Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына Қарулы күштер ардагерлері Орталық Кеңесінің мүшесі, Қарулы күштер ардагерлері Кеңесінің Алматылық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Мэлс Шампиев, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мүшесі, Қарулы күштер ардагері отставкадағы полковник Қазбек Мамсуров, Алматы гарнизоны әскери кафедраларының, "Арыстан" мамандандырылған лицей, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің оқытушылары және әскери кафедра студенттері қатысты.

Конференция қатысушылары әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен және әскери-патриоттық орталығымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының бірінші  Қорғаныс Министрі, Кеңес Одағының Қаһарманы, Халық Қаһарманы С.К. Нұрмағанбетов атындағы және Кеңес Одағының Қаһарманы Б. Момышұлы атындағы дәрісханаларымен, құрылған әскери-патриоттық жұмыс бөлмесімен танысты.

Алғы сөзді алған отставкадағы полковник Мэлс Шампиев  конференция қонақтары мен қатысушыларын құттықтап, жастардың патриоттық тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударып, жұмыстағы келеңсіз құбылыстарды жою туралы ұсыныстар ұсынды.  

Баяндаушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра бастығы полковник Олег Әжімов " Азаматтарды әскери қызметке даярлау Ережелері" туралы бұйрығында Президенттің - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы нұсқаулары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің генерал-полковник С.А. Жасұзақовтың талаптарын ескере отырып, әскери-патриоттық жұмысты ары қарай жетілдіру мақсатымен, әскери кафедрадағы әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру жүйесінің мағынасын ашты.

Конференция қатысушылары қазіргі жастардың патриоттық тәрбиесін жетілдіру, азаматтық-патриоттық дуниетанымдық ұстанымдарын енгізу қажеттілігі жөнінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Конференция барысында қатысушылар өзінің тәжірибелерімен және әскери кафедраларда, Қорғаныс Министрлігінің әскери білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие бағдарламасын ары қарай дамыту үшін педагогикалық үдерісті жетілдірудің негізгі жолдарымен бөлісті.

 

                                                                                                                                                                      Әскери кафедра