ҚазҰУ-да ТОП-500 үздік студенттер анықталды

12.06.2017

Көрулер: 3858

2016-2017 оқу жылының басында бірнеше көрсеткіштер бойынша үздік студенттерді анықтау мақсатында  "Студенттің қоғамдық рейтингі" атты  жобамен таныстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Студенттің жеке рейтингісі келесі бағыттар бойынша жетістіктер арқылы анықталынды:

-академиялық;

-ғылыми;

-қоғамдық;

-спорттық;

-шығармашылық.

"Студенттің қоғамдық рейтінгі" жобасы төмендегі мәселелерді шешуге бағытталған:

-студенттердің обьективті жетістіктерін бағалай отырып, академиялық және басқа да  мемлекеттік стипендияларды тағайындау, сонымен қатар алғыс айта отырып басқа да материалдық және материалдық емес қолдау көрсету;

- студенттердің белсенді оқыту мотивациясын арттыру ғана емес, кәсіби білім мен дағдылар негіздерін меңгеру бойынша, бүкіл оқу процесіне жаңа серпіліс беру.

 «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік студенттері тізіміне» ену мүмкіндігіне әрбір студент ие және ол жыл сайын жаңартылып отырады. 2016-2017 оқу жылының рейтингісін төменнен көре аласыздар.

Рейтинг 2016-2017.docx

 Баспасөз қызметі