«Ақылды және тұрақты болашақ қалалар»

03.07.2017

Көрулер: 971

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты дамуы жөніндегі UNAI Ғаламдық Хабы, 10-шы Астана экономикалық форумының «Ақылды және тұрақты болашақ қалалары» сессия жұмысына өз үлесін қосты. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰДБ Қазақстан) дамуы бағдарламасы осы сессияны ұйымдастырып, Азия, Африка, Латын Америка сынды дамушы елдердегі урбанизация мәселелеріне баса назар аудартты.

Сессияға әлемнің түкпір-түкпірінен бірнеше халықаралық жетекші сарапшылар мен тәжірибелі мамандары жиналып «Ақылды және тұрақты болашақ қалалар» тақырыбына сай ұсынылған парадигма бойынша ХХI ғасырдағы қалалардың дамуы және урбанизацияның жаңа келешегін талқылады.

Қазақстандағы БҰҰДБ-ның сессия төрағасы Норимаса Шимомура мырза жаһандық климаттың өзгеруі және урбанизация мәселелеріне жіті назар аудару қажеттігіне қатысты пікірталас өрбітті. 

Ол сондай-ақ дамушы елдерде урбанизацияның қарқынды өсу жағдайын ХХІ ғасырдағы заманауи қалалардың алдында тұрған мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. Қатысушылар сонымен қатар тұрақты урбанизация саласындағы қалалық жаңа шешімдерді – тұрақты урбанизация  саласындағы озық тәжірибені талқылап, оның ішінде қалалық жоспарлау және қалалық басқару саласындағы Smartcity технологияларын (Шанхай қаласы, Қытай тәжірибесі мысалы), оның ішінде Орталық Азия аймағында және Қазақстан қалалары мен елді мекендерде енгізу мүмкіндігін талқылады.

«Ақылды және тұрақты болашақ қалалар» сессиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ Қазақстан) мен Астана қаласының әкімі арасындағы өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды. Өзара түсіністік жөніндегі Меморандум зияткерлік қала технологиялар саласындағы ең үздік тәжірибені енгізу арқылы тұрақты қалалық дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

Баспасөз қызметі