«Жаңа жібек жолы» форумы

10.07.2017

Көрулер: 188

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір белдеу – бір жол» бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты халықаралық форум өтті. Шараға Қытай Халық Республикасы Нанкин педагогикалық университеті қолдау білдірді. 

Форумға Нанкин педагогикалық білім беру институтының профессоры, Мәдениет индустриясын зерттеу және дамыту орталығының директоры Лю Цзюн, Пекин университетінің профессоры Чжан Цзяньхуа, Фудан университетінің профессоры Ли Хунту (Шанхай), Хуадун университетінің профессоры Лю Юэчин (Шанхай), Нью-Дели университетінің профессоры Шрикант Кондопалли, Ресей ғылым академиясы, Қиыр Шығыс Инстиутының профессоры Ю.В.Кулинцев, Мухаммед ал-Хорезми атындағы Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің проректоры Х.П.Умаров, Мәскеу мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымының кандидаты, доцент А.А. Сергеева, Қырғызстан Ұлттық стратегиялық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Айкерим Чалбаева, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің өкілі Т. Утепова және басқа да шетелдік ғалымдар мен отандық зерттеушілер атсалысты. Сондай-ақ форум жұмысында ҚазҰУ басшылығы, ҚХР-ның Алматы қаласындағы консулдығының мәдениет және оқу істері бойынша консулы Ван Цинпин, Алматы қалалық білім басқармасының өкілі А.А. Дупик, ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің кеңесшісі А.А. Аренова баяндама жасады.

Форум барысында Жібек жолы бойында орналасқан елдердің арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Білім беру саласы бойынша ақпараттық жұмыстардың аз жүргізілуі, келешекте осы бағытта ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланып, қатысушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Сонымен қатар қонақтар Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Н. Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, білім беру үдерісімен танысып, қолданыстағы инновациялық технологияларға оң бағасын берді. 

Баспасөз қызметі