СҚЖ футбол ойындарын өткізді

21.07.2017

Көрулер: 269

Студенттік құрылыс жасағының студент жұмысшылары арасында футбол ойындары өтті.

Футбол жарысында «Шалғышылар», «Суғару», «ЭПЦ», «Құрылысшылар бригадасы» және «Челси» құрамасы бақ сынасты. ҚазҰУ стадионында өткізілген футбол ойындарын тамашалауға көрермендер де көптеп жиналды. Сайыс қорытындысы бойынша, Англия Премьер-лигасының жеңімпаз клубымен аттас болған «Челси» командасы басым есеппен бірінші орыннан көрінді. Екінші орынды «Суғарушылар» бригадасы иеленсе, «Шалғышылар» командасы үшінші орынды еншіледі. Қызыққа толы тартысты ойынға ұласқан шара соңында жеңімпаз командалар арнайы кубокпен марапатталды. Үздік ойын көрсеткен Елдос Әлімбеков «Ең үздік қақпашы», Айтбек Сәрсенбай «Ең үздік шабуылшы», Темірлан Дүйсенов «Ең үздік қорғаушы» атағына ие болды.

Атап өту керек, студенттердің құрылыс жасағы еңбек шымылдығын ашқалы бергі студент-жұмысшылар өнімді еңбекпен, жақсы нәтижемен көзге түсе білді. ҚазҰУ қалашығының тазалық және құрылыс жұмыстарына айтарлықтай араласқан студенттер жұмыстан тыс уақыттарын да текке өткізген жоқ. Өз кезегінде штаб басшысы Нұрболат Көлбаевтың басшылығымен студенттер бос уақыттарын тиімді өткізіп, спорттық, қоғамдық шараларға белсене қатысып келеді.

Студенттік құрылыс жасағы