«Future Life, Future Leaders»

24.07.2017

Көрулер: 1203

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жазғы мектеп шарасының шарықтау шегі «Future Life, Future Leaders» атты халықаралық форум өтті. Жазғы мектеп қатысушыларынан бөлек шараға Ұлыбритания, Түркия, Мысыр және ТМД елдерінен 50 шетелдік өкіл қатысты.

Ашық пікірталас алаңында қатысушылар әлеуметтік инновациялар арқылы қоғамның тұрақты дамуы, аймақ жастары арасындағы серіктестік жайын талқылады. Сондай-ақ форум барысында «Жасыл энергиядан тұрақты дамуға шейін» экономикалық даму аралығындағы баланс, энергия тұтыну және тиісті экологиялық зардаптар: бес қаланың келешегі; «Болашақ көшбасшылар үшін мәдениетаралық диалог – қоғамға қызмет ету» тақырыптарында екі пленарлық отырыс өткізілді. Әрбір студенттік топ толеранттылықты күшейту, «жасыл» қаржыландыруды, жаңартылған энергия көздерін, «жасыл технологияларды» дамыту және тұрақты дамуды ілгері жылжыту секілді көптеген тақырыптардың маңыздылығын қозғайтын жобаларын ұсынды.

Атап өту керек, мұндай кең ауқымды халықаралық жазғы мектеп Қазақстанның білім беру саласында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Айтулы жазғы мектеп курстарына қатысуға Еуропа мен Азия ЖОО-да оқитын 150 студенттер мен магистранттар үлкен қызығушылық танытқан болатын.

Баспасөз қызметі