«Green Technology» халықаралық жазғы мектебінің үшінші күні

21.07.2017

Көрулер: 250

«Green Technology» халықаралық жазғы мектебінің үшінші күні «Green Economy and Sustainable Development» және «Green Finance» тақырыптарында дәрістер оқылды. Дәріс барысында  инвесторлар мен эмитенттер үшін «жасыл» қаражат құралдарының тиімді тұстары,  жасыл «IPO» бағдарламасын мемлекеттік деңгейде  дамыту және «жасыл» экономиканы қалыптастырудың басты бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар жобаларды қаржыландыру мақсатында бюджеттік емес қаржы көздерін тарту үшін «жасыл» қаржыландыру құралдарын белсенді қолдану қажеттілігі талқыланды.

Шараның екінші жартысында қатысушылар Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайын аралап, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен танысты. Олар қазақ сурет өнерінің классикалық үлгілері мен заманауи суретшілердің туындыларын тамашалап, ерекше әсер алғанын тілге тиек етті.

Баспасөз қызметі