Қиыр Шығыс кафедрасының жетістігі

25.07.2017

Көрулер: 1126

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Корея әдебиеті, сондай-ақ ТМД корей диаспорасының әдебиетін зерттеуде елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жоба 2017 жылы Корея Республикасының Корейтану академиясының қаржыландыруымен бекітуін алды.

Корея мен Қазақстанның әдебиет саласындағы (оның ішінде ТМД елдеріндегі корей диаспорасының әдебиеттері де бар) оқулықтарды құрастыру және әдебиет саласындағы мамандарды даярлау» атты жоба үш жыл ішінде жүзеге асырылады. Каржыландырудың көлемі – 117 мың АҚШ долларын құрайды. Жобаның қорытындысы ретінде – корей әдебиетінен жеті томдық оқулықтар жинағын басып шығару және әдебиеттану саласында екі дипломдық бағдарлама бойынша, серіктес-университеттер – Пусан Шет тілдер университеті мен Хангук Шет тілдер университетімен бірлесіп үш маман даярлау болып табылады.

1978 жылы құрылған Корейтану академиясы корей мәдениеті мен тарихын терең зерттеу және оқыту, осы салада білікті мамандарды даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, сонымен қатар Кореяда ғана емес, шетелде де жетекші ғылыми ұйым ретінде белгілі. Академияның қызметі корей классиктерінің шығармаларын жинау, зерттеу, аудару және жариялау арқылы жоғары білім беру саласы бойынша зерттеушілер мен мамандарды даярлау, сондай-ақ корейтану саласындағы гуманитарлық және әлеуметтану ғылымдарында зерттеу жүргізу сияқты  әр түрлі бағыттарды қамтиды.

Қиыр Шығыс кафедрасы