Білім гранттарының тізімі шықты

28.07.2017

Көрулер: 3510

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, сырттай оқитын жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. 

Құжаттың тізімінде білім беру мамандықтары бойынша 6 385 мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылған, оның 1 мыңы ағылшын тілінде жоғары білім беруді көздейді. Техникалық ғылымдар және технологиялар бойынша - 11 255, жаратылыстану ғылымдары бойынша  - 2 133 тапсырыс бөлінген. 

Атап өту керек, 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті.

 kazinform.kz

Гранттар саны жайлы анығырақ welcome.kaznu.kz сайтында танысуға болады.