ҚазҰУ студенттері "Summer Jam 2017” халықаралық жарысының жеңімпазы атанды

01.08.2017

Көрулер: 319

Биылғы жылы Токио-2020 олимпиада ойындары бағдарламасына енген баскетболдан Summer Jam 2017” 3х3 халықаралық жарысы Алматыда өтті.

Қазақстан стритбол лигасы және Қазақстанның Ұлттық Баскетбол федерациясының қолдауымен “Драйв” баскетбол мектебі негізгі ұйымдастырушы болып табылады.

Жарысқа Орталық Азия, АҚШ және Қазақстанның барлық аймақтарынан 8-35 жас аралығындағы балалар мен ересектер, ерлер мен әйелдер, ойынды жаңа үйренушілер, БАҚ, кәсіби және әуесқой, отбасылық және корпоративтік командалардың ойыншылары қатысты. Жалпы саны 1000 адамды құрайтын жарыста 200-ден аса командалар бақ сынады. ҚазҰУ студенттері Медина Смадияр, Даянжан Жумкенова, Мубаракова Раиля және Байболекова Мадина 18 жасқа дейінгі санатта "All in" Ұлттық құрама командасына ҚазҰУ атынан қатысты. Жарыс нәтижесінде ұлттық құрама команда 1-ші орын иеленді. ҚазҰУ атынан 22-23 шілде аралығында 18 жасқа дейінгі "Open" и "Elite" санатындағы жарысқа екі әйелдер "Тhunder Samsa" және "Т9" командасы қатысып, жарыс нәтижесінде "Open" санатында ҚазҰУ-дың "Тhunder Samsa" әйелдер құрама командасы 1-ші орын иеленсе, "Elite" санаты бойынша "Т9" командасы 3-ші орынды қанжығылады.

 

 

 Баспасөз қызметі