Түркітану жазғы мектебі

09.08.2017

Көрулер: 312

Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасында Ыстамбұл университетінің студенттеріне арналған Жазғы мектеп өтуде.

Жазғы мектеп бағдарламасында қатысушыларға арналған Түрксой кафедрасының білікті оқытушыларының қазақ тілі мен әдебиетінен дәрістер қарастырылған. Жас түркітанушылар Түркі халықтарының тарихы мен тілін, мәдениеті мен әдебиетін оқып, үйренуде. Онымен қоса Ыстамбұл университетінің Әдебиет факультетінде оқитын студенттерге арнап ұйғыр халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты ғылыми-танымдық семинарлар ұйымдастырылған.

Жазғы мектепке сондай-ақ Қазақстанда жұмыс жасайтын TUKIB (Түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығы) өкілдері қатысып, өз білімдерін шыңдауда. Шара шеңберінде аптасына бес күн сабақтардан бөлек, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танытатын әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп жатыр.

 

Түрксой кафедрасы