ҚазҰУ-ға Малайзия делегациясы келді

18.08.2017

Көрулер: 386

Малайзияның UNITEN Тенага Ұлттық университетінің өкілдері ҚазҰУ басшылығымен кездесті.

Кездесуге ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, UNITEN Тенага Ұлттық университетінің Түлектер және студенттер ісі жөніндегі проректорының орынбасары Мохд Замри Юсофф, UNITEN директорлар кеңесінің мүшелері Тан Шри Ахмад, Дато Юсофф Ибрагим және ҚазҰУ-дың мансап және кәсіби даму орталығының директоры М.Ж. Сейсембиев, ғылыми-технологиялық парк директоры А.А.Темірбаев және факультет декандары қатысты. Кездесу барысында негізгі мәселелер бойынша екі университет арасындағы ынтымақтастықтың даму жоспары, атқарылатын жұмыстардың бағыты қарастырылды. Тараптар ғылым, IT технология, бухгалтерлік есеп, инженерлік, электроэнергия салаларында қарым-қатынас орнатып, мамандар дайындау жайын талқылады. Екі университет ғалымдарымен бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттік алмасу, білім беру бағдарламаларын құру, тәжірибе алмасу бағыттарына да ерекше назар аударылды.

UNITEN Тенага Ұлттық университетінің Түлектер және студенттер ісі жөніндегі проректорының орынбасары Мохд Замри Юсофф: «Тенага Ұлттық университеті Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы ең ірі электр энергиясын жеткізуші саналатын танымал Tenaga Nasional Berhad компаниясына тиесілі университет», - деп атап айтты. Кездесу аясында мәртебелі меймандар Samsung орталығын, студенттерге қызмет көрсететін «Керемет» орталығында,  Әл-Фараби атындағы кітапханасы мен мұражайын және бірнеше лабораторияларды аралап, қызметімен танысты.  

 

Баспасөз қызметі