ҚазҰУ студенті қола жүлдені қанжығалады

22.08.2017

Көрулер: 800

ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Тайбэй қаласында өтіп жатқан Жазғы Универсиада ойындарында қола жүлдені ұтып алды.

Қазақстандық жүзуші Универсиададағы бірінші жарысын үшінші орынмен бастады. Брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуден финалда ол жеңімпаздан сәл ғана қалыс қалып, 1 минут және жүзден 17 көрсеткішімен келді. Бүгін спортшы ойында 200 метр қашықтыққа жүзуден жарысады.

Атап өту керек, Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында жүзуден Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді иеленді. Қазіргі таңда ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша білім алуда.

 

Баспасөз қызметі