ҚазҰУ курсанттары әскери ант қабылдады

23.08.2017

Көрулер: 596

Запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша тәлім алған ҚазҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері әскери ант қабылдады.

Салтанатты рәсімге ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қарулы Күштердің ардагерлері, факультет декандары, Алматы қаласы қоғам мүшелерінің өкілдері, әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және курсанттардың ата-аналарымен жақындары қатысты. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев әскери ант қабылдаған курсанттарды құттықтап, антына адал болуға шақырды. Сондай-ақ бірінші проректор студенттердің білім алумен қосымша әскери мамандық алудың мүмкіндігін ерекше атап өтті.

Бүгінгі таңда әскери кафедра алғаш рет байланыс мамандығын алған 44 қызды түлеп ұшырып, жалпы саны 530 курсант түлектер сабына тізілді.  Курсанттар атынан сөйлеген Азамат Исхаков лайықты Отан қорғаушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін әскери кафедраның оқытушыларына және университетіне алғысын білдірді. «Білім алу барысында біз әскери дайындықтан өтіп, азаматтық өмірде қажетімізге жарайтын тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру, басқарма бөлімшелерінің дағдыларын білумен қатар заманауи жауынгерлік негізді меңгердік», - деді А. Исхаков.      

Студенттердің ерекше атаулы күнімен ҚР ҚК Әуе Қорғанысы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор В. Бондаренко; отставкадағы полковник, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрметті ардагері Қ.Мамсуров және курсанттардың ата-аналары құттықтады. Шара барысында курсанттар саптық амалдар мен шерудегі салтанатты саптық жүрісті көрсетіп, қолма-қол ұрыс тәсілдерін орындап, алған білімдерін көпшілік алдында паш етті. Сондай-ақ әскери дирижердің жетекшілігімен алаңда концерттік бағдарлама көрсетілді. Курсанттар әскери анттың мәтінін ерекше көңілдеріне түйіп, еліміздің игілігі үшін қызмет етуге және Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруға уәде берді.      

 

       Баспасөз қызеті