Қытай делегациясымен кездесу

31.08.2017

Көрулер: 626

ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Шэньси провинциясының білім беру департаментінің өкілдері бастаған Қытай делегациясымен кездесті.

Кездесу аясында тараптар бірлескен жазғы мектеп шараларын өткізу, академиялық ұтқырлылық бағдарламасы бойынша студенттер алмасудың мүмкіндіктері, оқытушылар біліктілігін арттыру және қосдипломды білім беру бағытында ынтымақтастық орнату жайын талқылады. Сондай-ақ кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге келіп, делегация құрамы ҚазҰУ мұражайында болып қайтты.  

Баспасөз қызметі