Ғұламаға тағзым

05.09.2017

Көрулер: 218

Биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында бір топ ғалымдар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен ұлтымыздың ұлы тұлғасы – Шоқан Уәлиханов жерленген киелі мекенге арнайы сапарлап қайтты.

Рухани сапардың басты мақсаты - халқымыздың маңдайына біткен даңқты ұлы, ағартушы Шоқан (Мұхамедқанафия) Уәлихановтың жерленген жеріне барып, мемлекеттік мемориалды музейін аралап, ұлы бабамыздан қалған жәдігерлермен танысу болатын.

Шоқан Шыңғысұлының соңғы сапарға аттанған жері Алматы облысындағы Алтын Емел тауының баурайы екендігін бәрі біле бермейді. Осындай да еліміздегі небір киелі жерлерді насихаттайтын өлкетанушы мамандардың тапшылығы сезілетіндігі анық.

Сапар барысында өңір басшылығымен Шоқантану саласын дамыту, өлкетану және археология ғылымына сапалы мамандар дайындау жайы сөз болды. Аталған ұсыныстар негізінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жас ғалымдары, магистранттар мен докторанттар тылсымға толы киелі жерлерімізді және Шоқан сынды тұлғаларға қатысты мәселелерді зерттеуге күш салатын болады.

 

Баспасөз қызметі