CERN бас серіктес

13.09.2017

Көрулер: 1310

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының (CERN) халықаралық қатынастар жөніндегі директорының кеңесшісі бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында тараптар ядролық физика, радиациялық материалтану, ядролық медицина, компьютерлік технология, плазма физикасы, қолданбалы зерттеулер және IT технологиялары саласында ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. Сондай-ақ кездесуде CERN базасында бірлесіп мамандар даярлау, оқытушылардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, қос дипломды білім беру бағытын дамыту жайы да сөз болды. Бұдан басқа, тараптар ғылыми жобаларға жас ғалымдарды тарту, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау, бірлескен жазғы мектеп ұйымдастыру және ғылыми зерттеулер жүргізу бағыттарына да ерекше назар аударды. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастық орнату туралы мемарандумға қол қойып, сый-сияпаттармен алмасты.   

Баспасөз қызметі