ҚазҰУ мен «Сарбаз» газетінің ынтымақтастығы

28.09.2017

Көрулер: 348

«Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газеті мен ҚазҰУ әскери кафедрасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, әскери кафедра ұжымы мен студенттері газетінің бас редакторы Қуатбек Батырханмен кездесті.

Шараны алғы сөзбен бастаған әскери кафедра басшысы Олег Ажимов кафедраның тыныс-тіршілігіне және оның техникалық жабдықтарымен оқу-әдістемелік құралдарына толық шолу жасады. Сондай-ақ ол «Мұнда әскерді басқара алатын тәжірибелі бригада командирлері, Қорғаныс министрлігінің офицерлерінен құралған кәсіби, элиталы әскери мамандар топтасқан. Университет кампусындағы жаттығу полигоны, әскери көліктер мекенімен тактикалық алаңдарда студенттер қару-жарақты дұрыс пайдалану мен қолма-қол ұрыс тәсілдерін үйренеді», деді.  

Өз кезегінде сөз алған республикалық әскери-патриоттық «Сарбаз» газетінің бас редакторы Қуатбек Батырхан әскери кафедраның жұмыс барысымен танысып, ҚазҰУ-дың әскери мамандарды дайындау барысындағы сапа деңгейіне жоғары баға берді. Сондай-ақ редактор жастарға әскери журналистиканың қыр-сырын түсіндіріп, шараны ұйымдастырған кафедра басшылығына алғыс білдірді.   

Шара соңында әскери кафедрада «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің тілшілер пункті ашылды.

Баспасөз қызметі