COMSATS өкілдерімен кездесу

04.10.2017

Көрулер: 411

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов COMSATS-тың бағдарламалар бойынша басшысы Таджаммул Хусейнмен кездесті.

Кездесуге ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов, COMSATS директорының орынбасары Низар Ахмад және тағы басқалар қатысты.

Шара аясында тараптар технология, инженерлік, электроэнергия және басқа да бағыттарда тығыз қарым-қатынас орнатып, ғылым саласында әріптестікті одан әрі нығайтып, келешек ынтымақтастық жайын талқылады.

Сондай-ақ кездесуде ректор Ғ.Мұтанов COMSATS-тың арнайы өкілдеріне ҚазҰУ-дың ғылыми институттары мен зертханаларындағы ғылыми құрал-жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында өз тәжірбиелерімен бөліскендеріне университет ұжымы атынан ерекше алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлесе атқаратын жұмыстар барысын қарастырды.    

Баспасөз қызметі