Орталық Азиядағы сапаны қамтамасыз ету және біліктілікті өзара мақұлдау жүйесі

03.10.2017

Көрулер: 376

2017 жылдың  қазанның 3-жұлдызында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті Ұлы Хартия обсерваториясымен ұйымдастырылған семинар шеңберінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Орталық Азиядағы сапаны қамтамасыз ету және біліктілікті өзара мақұлдау жүйесінің мәселелері» атты арнайы сессия өткізілді.

Сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ең маңызды компоненті - әлеуметтік және кәсіби аккредиттеу. Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласына әлеуметтік және кәсіби аккредиттеу енгізу қарқыны әртүрлі. Осылайша, Қазақстанда сапаны қамтамасыз ету жүйесін интернационалдандыру және жетілдіру бойынша реформалар жүргізілді.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда мемлекеттік аттестациялау әлеуметтік және кәсіби аккредиттеумен алмастырылды, Еуропалық Одақтың аккредиттеу саласындағы тәжірибесі жалпыланды және оның трансформациясы механизмі жасалды. KazSEE әлеуметтік және кәсіби ұйымының тәжірибесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапты.

Республикалық Аккредиттеу Кеңесі KazSEE-ді №1 Ұлттық реестр қатарына қосу шешімін қабылдады, аккредиттеу органының білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттация агенттігі ретінде қарастырып, бұл реформаларды одан әрі тереңдетуге, Болон процесінің принциптерін енгізуге және кеңейтуге мақсатты қызмет қөрсетуде.

KazSEE-дің Инженерлік білім саласындағы еуропалық аккредиттеу  желісі (ENAEE) сияқты халықаралық ұйымдарға толық мүшелігі, Еуропалық ұлттық инженерлік қоғамдастықты біріктірген және инженер мамандары үшін сертификаттау жүйесін құрайтын Еуропалық ұлттық инженерлік қоғамдардың федерациясы (FEANI), IGIP - Халықаралық инженерлік педагогика қоғамы, оқытушыларды сертификаттаудың халықаралық танылған жүйесі Қазақстанның Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіне енуін  және кәсіби-қоғамдық жүйесі тарапынан мойындалуына мүмкіндік береді.

Орталық Азия елдері, Орталық Азия инженерлік білім сапасын жақсарту мақсатында TEMPUS QUEECA жобасының қатысушылары аккредиттеу стандарттарын құрастырып, сараптама мүшелерін сертификаттау және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша қажетті жұмыс жүргізілді.

2015 жылы Орталық Азия федерациясын құру туралы Хужан келісіміне қол қойылды, қатысушы елдердің өзара қатынастарының қағидаттары, жұмысының негізгі бағыттары анықталды.

Үшінші қазанда қол қойылды Худжанд келісімшарты шеңберінде сапаны қамтамасыз ету және өзара мақұлдау жөніндегі Орталық Азия федерациясы құрылып, Президент және Тұрақты Хатшылық сайланды.

Бұл іс-шара Орталық Азияның бүкіл өңірін Еуропалық жоғары білім кеңістігіне бірігуін және білім беру бағдарламаларының біліктілігі мен сапасын өзара мақұлдау жүйесін құруға мүмкіндік береді.

 

Бапасөз қызметі