«САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ФОРУМЫ

10.11.2017

Көрулер: 440

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00-де Алматы қаласында, Қазақ ұлттық университетінде (әл-Фараби даңғылы, 71/27, 4 қабат, кітапхана) «Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық Медиа форумының жалпы отырысы өтеді.

Форумның мақсаты – қоғамды рухани жаңғырту мен сананың ашықтығын қалыптастыруда және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін, кәсіби этика мәселелерін, сондай-ақ көпэтносты қоғамда масс-медиа мәдениетін дамыту мәселелерін талқылау. 

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар және медиа саласындағы отандық сарапшылар, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері, т.б. қатысады.

Форум шеңберінде отандық және шетелдік жетекші спикерлердің шеберлік сабақтары, TEDx конференциясы, этностық БАҚ көрмесі өткізіледі.

Форум соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласында жыл сайын өткізетін «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

 

_П Р О Г Р А М М А.docx____________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz