Тұран елі – тұлғалар өлкесі

10.11.2017

Көрулер: 218

Тұран елі – тұлғалар өлкесі

Биыл Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді.  Елбасы мақаласында 21 ғасырда ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап көрсеткен болатын. Аталған мақаладағы сол бағыттардың бірі «Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасы» жобасы.

Осы жобасы аясында жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 тұлғасы» жобасы аясында шетелдік студенттерге арналған «Қазақстан – атақты тұлғалар өлкесі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.

Әрбір тұлға Отанға деген махаббатын, Қазақстанға деген махаббатын өз елінің игілігі үшін шығармашылық қызметімен білдіреді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі қоғамның міндеттері туралы өзінің мақаласында тарихты оның қозғаушы күші болып табылатын, біздің замандастарымыз, жеке тұлғалар жасайтынын атап көрсетті. Қазіргі Қазақстанның 100 тұлғасы — біздің осы уақытта өмір сүріп жатқан және жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Біздің замандастарымыздың бетке ұстар тұлғалары  — қазіргі заманғы Қазақстанның 100 тұлғасының өкілдері болып табылады.

Іс-шарада кафедра оқытушылары қазіргі Қазақстанның 100 тұлғасының өкілдері: атақты әнші Роза Рымбаева, танымал скрипкашы және дирижер Марат Бисенгалиев, белгілі марафоншы Марат Жыланбаев, генетик-ғалым Шухрат Миталипов сынды атақты қазақ халқының тұлғалары туралы мақтанышпен айтып, бұл атақты тұлғалар — Қазақстанның спорт, мәдениет және ғылым мұрасының алтын қорының өкілдері болып табылатыны туралы өз баяндамаларымен таныстырды.

Сонымен қатар, кафедра доценті Л.С. Торохтий олардың барлық өмірін еңбекке арнағанын сөз ете отырып, жастар осы атақты тұлғалардан ғылыми қызығушылығы, шығармашылық энергиясы, барлық жаңаны қабылдау және құру, еліміздің ең үздік дәстүрлерін және мәдени мұраларын сақтау жақтарынан үлгі алу керектігін айтып, шараны қорытындылады.

Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасын əлемге таныту аясында Қазақстанның 100 тұлғасының өкілдерімен таныстыру арқылы біз мәдениетімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде дөңгелек үстелдің берері мол болды.

Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

 

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті