«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы декларациясы

10.11.2017

Көрулер: 492

2017 жылғы 9 қарашада Челябі қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Ресей мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының XIV форумында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов және Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің ректоры В.А. Кокшаров «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы декларацияға қол қойды.

Консорциумнің қызметі сапалы адами капиталды қалыптастыру мақсаттары үшін Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарындағы қоғамдастық әлеуетін біріктіруге бағытталатын болады:  тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде қазіргі заманғы қоғамның құндылық жүйелерінде бағыт-бағдарын анықтауға қабілетті жоғары адамгершілік-этикалық және азаматтық мақсаттағы жаңа ұрпақтың жоғары білікті мамандары. Ең жақсы қол жетімді технологияларды зерттеуді,  жасыл экономика және жасыл технологиялардың әлемдік тәжірибелер, ғарышкер-ғалымдардың еңбектерін қамтитын оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жетекші университеттері өздерінің түлектеріне, яғни болашақ жетекшілерге тұрақты дамудың тұжырымдамасын ұстануға мүмкіндік береді.

Консорциум Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.А. БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында ұсынған "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасы және "Жасыл академия"  халықаралық ғылыми-білім беру консорциумының (2016 ж. УрФУ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұйымдарымен  құрылды) негізінде құрылған мақсаттар мен міндеттердің мазмұнды мұрагері және топтастырушы ұйымдастыру нысаны болып табылады. Консорциумның мақсаттары, міндеттері және жоспарланған іс-әрекеттерін Декларацияда екіжақты көрсетілген.

Декларацияға қол қою рәсімі Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының XIV форумында Ресей мен Қазақстан Республикасы Н.Ә. Назарбаевтың және Ресей Федерациясы Президенті Путиннің қатысуымен өтіп, Тұрақты даму талаптарын қанағаттандырудың маңыздылығы туралы мемлекетаралық хабардарлық деңгейіне баса назар аударатыны көрсетілді. Президенттердің қатысуы осы тақырып бойынша жұртшылықтың, соның ішінде шетелдік бақылаушылардың назарын аударады, екі мемлекеттің гуманизмнің жаһандық мұраттарын, өзара сыйластықты, мәдени және табиғи мұраны сақтаудың, сондай-ақ болашақ ұрпақтың даму мүмкіндіктері үшін мемлекеттік және жеке жауапкершілікті күшейтуге баса назар аударады.