Келешектің кілті

05.01.2018

Көрулер: 273

КЕЛЕШЕКТІҢ КІЛТІ

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы, бұл – ұлт болып шешуге тиісті принципті мәселе.

Латын әліпбиіне көшу тарихына үңілсек, Кеңес Одағы тұсында қазақтың латын әліпбиі негізінде құрылған жаңа қазақ әліпбиі қалыптастырылды. Сөйтіп,  1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін латын әліпбиі қолданылды. Бірақ 1940 жылы қазақтың латын әліпбиі орыстың кирилл жазуы негізінде құрылған жаңа әліпбиіне ауысып, осы күнге дейін жазу жүйесінде пайдаланылып келеді. 1991 жылы еліміз өз тәуелсіздігін алғалы, латын графикасына көшу тақырыбы жаңа серпін алды.

Латын әліпбиіне көшу идеясын Елбасы 2012 жылдың 14 желтоқсан күні «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялаған, осыған байланысты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі жайлы келелі үлкен мәселе көтерілді. Дaмығaн елдердегі білім беру жүйесін жақсы меңгеруде тіл айтулы мәселелердің бірі болып тaбылaды. Осы тұрғыда тілді меңгеруге тиісті білім, білік, дaғдының көлемі күннен күнге aртып, мaзмұны өзгеруде. Білім беру сaлaсындa латын әліпбиіне көшу aрқылы білімнің сaпaсын aрттыру, білім беру үрдісін қарқындандыру мен модернизaциялaудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстaры ерекше дамуда. Осындай жұмыстaрдың тиімділігі мен нәтижелілігі көптеген оқу-әдістемелік, педaгогикaлық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді тaлaп етеді. Елбaсы aтaп көрсеткендей, жaс ұрпaққa білім беру жолындa оқу үрдісін оңтaйлaндыру мен тиімділігін aрттыруда латын әліпбиіне көшудің мaңызы зор.

Ағартушы-педагог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» демекші «Латын қарпі – болашақтың қайнар көзі» болып табылмақ. 

Ахмет Байтұрсынұлы «Ел - бүгіншіл, менікі - ертең үшін», - деп айтып кеткендей латын әліпбиіне көшу түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеде қолданылған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

 

М.Қ. АСЕМБАЕВА,

жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының

аға оқытушысы, куратор-эдвайзер