Сары фосфор

05.01.2018

Көрулер: 591

Сары фосфор

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы физика-химиялық талдау жасау әдістемелер Орталығының ғалымдары студенттердің белсенді қатысуымен оттекті ортадағы фосфоры бар органикалық емес және органикалық қосындыларды алу мақсатымен мыс-полимерлі кешендердің негізінде сулы және спирттік ерітінділерде сары фосфордың қышқылдануы реакциясын алу үшін нәтижелі каталитикалық жүйені жасап шығарды. Олардың жұмыстары 2015-2017 жылдары «Техногендік минералды шикізат негізіндегі фосфорқұрамды қосылыстар алудың ғылыми негізін әзірлеу» атты фундаментальды бағдарламаға сәйкес орындалды. Қол жеткізген нәтижелер бойынша 2016 жылы пайдалы модельді алу үшін екі қазақстандық патент алынды.

Сары фосфордың металлкешенді органикалық реакциясы алғаш рет Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия Институтында (ОКЭИ, Алматы қаласы) Я.А. Дорфман мен оның қызметкерлерімен гомогендік катализ зертаханасында алынды. Олар сары фосфордың каталитикалық функционалдануының үдерістерін жүйелі түрде зерттеді.

Гомогендік катализ зертханасының ғалымдары бірнеше жылдар бойы төменгівалентті фосфордың қосындыларының қатысуымен реакциялардың теориялық және қолданбалы аспектілерін, сонымен бірге сары фосфор мен оның қалдықтарының құнды неорганикалық және органикалық қосындыларға айналуының каталитикалық әдісін жете зерттеді. Ғалымдардың ойы бойынша, сары фосфорды өндірістік үдерістен алып тастау фосфоры бар қосындылардың экологиялық қауіпсіздігін анағұрлым жоғарлатады.

Қазақстандық ғалымдардың зерттеп келе жатқан жаңа ғылыми бағытына әлемдік ғылыми қауымдастық аса үлкен назар аударуда. Оның себебі біздің ғалымдардың Ресей, Италия, Франция, Германия ғалымдарымен бірлесіп жасаған және BASF AG (Германия) және  Thermphos International (Голландия) сияқты жетекші еуропалық кәсіпорындармен бірлесіп орындаған халықаралық жобалары мысал бола алады.

Гомогендік катализ зертханасында жұмыс істеген қазақстандық ғалымдарының еңбектері Д.В. Сокольский атындағы ОКЭИ-да фундаментальды зерттеулер бағдарламасына сәйкес орындалды.

Қазіргі таңда заманауи фосфорлық өндірістер сапалы және алуан түрлі фосфоры бар өнімдер тапшылығын басынан кешіруде. ҚазҰУ ғалымдарының альтернативтік «хлорсыз» сары фосфордан алынған фосфоры бар органикалық емес және органикалық қосындылардың синтез үдерісі қазіргі кезде маңызды ғылыми жаңалық болып отыр. Өйткені ол мұнай химиясындағы, таукен өндірісіндегі, ауыл шаруашылығындағы көптеген экономикалық мәселелерді шеше алады. Алдағы жылдары сары фосфордан алынған жаңа өнімдер еліміздің экономикасының өсу динамикасына септігін тигізетіндігі анық.

Қазақстан экономикасы бәсекелесе алатын дамыған елдер қатарына қосылуы үшін Президент Н.Ә. Назарбаев экспортқа, мұнайгаз және көлік машина жасауға, металлургияға, химияға, аграрлық секторларға бағытталған кәсіпорындарды тұрғызып, дамыту керек екендігін басты міндет етіп қойды. Қазақстанның ұзақ мерзімді және тұрақты түрде дамуы үшін негізгі бастапқылығы ретінде бәсекелесе алатын, ішкі және сыртқы нарықта ғылыми-техникалық саланың потенциалын пайдалана алатын химиялық өндірісті нығайту болып табылады.  

 

Д.Н АҚБАЕВА.

химия ғылымдарының докторы,

физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті