ҚазҰУ-да 46 спорт түрінен ойындар жарысы басталды

05.01.2018

Көрулер: 496

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ректор кубогына таласатын «Денсаулық» атты 46 спорт түрінен дәстүрлі факультет аралық ойындар жарысы басталды.  

Дәстүрлі спорттық шараға факультет докторанттары, қызметкерлер, штаттық оқытушылардан құралған құрама командалар қатысады.

Жарыс университеттің спорт залында өтеді. Бағдарламада келесідей спорт түрлері: шахмат, мини-футбол, волейбол, (ерлер мен әйелдер арасында), үстел теннисі, бадминтон, дартс және тоғызқұмалақ бар.

Бадминтон сайысы бойынша командалық жеңімпаздар 1-орын ректорат, 2-орын әскери кафедра, 3-орын физика-техникалық факультет болып анықталды. Дартс сайысында бойынша жалпыкомандалық 1-орынды механика-математика факультеті, 2-орынды химия және химиялық технология, 3-орынды халықаралық қатынастар факультеті иеленді.

«Денсаулық» атты 46 спорт түрінен дәстүрлі факультет аралық ойындар жарысы 12 қаңтарда аяқталады. Жүлделермен марапатталған факультеттер мен кафедраларға «Парасат» кәсіподақ ұйымының тиісті дәрежедегі дипломдары мен естелік кубогы табыс етіледі. Бағдарлама түрі бойынша командалар ең көп ұпай саны бойынша анықталады.