Қазақстан ғалымдарының жетістіктерін әлемдік мойындау

25.01.2018

Көрулер: 1405

Қазақстандық авторлар ұжымы қысқа уақыт аралығында бериллий өндірудің бірегей технологиясы бойынша үш АҚШ патентіне ие болды. Мұндай бір ғылыми-технологиялық бағытта үш патентті бірінен соң бірін растау жетістігіне Қазақстанның ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктің бірде-бір зерттеу тобы бұрын-соңды қол жеткізбеген. Бұл кезекті рет отандық ғалымдардың халықаралық деңгейде жүргізіп жатқан зерттеулерінің жоғары басымдығын көрсетеді.

Қазақстан ғалымдары Мемлекет басшысының ғылымды көп қажетсінетін, экспортқа бағдарланған өнеркәсібі бар инновациялық экономика қалыптастыру бойынша тапсырмасын іске асыру аясында елдің дамуына және отандық ғылымның әлемдік алдыңғы қатарға шығуына өз үлестерін қосуда.

Осылайша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ректор, академик Ғ.М.Мұтановтың басшылығымен бериллий өндірудің жаңа технологиясын әзірледі. Ол ең тиімді, экологиялық және бірегей технология ретінде халықаралық мойындауға – АҚШ патентіне ие болды.

Алынған патент авторлар ұжымы үшін үшінші халықаралық АҚШ патенті болып табылады. Алдыңғы екі патент Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауыты жанындағы бериллий зерхтанасының қызметкерлері және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдарымен бірге алынған болатын. Жалпы авторлық ұжымның инновациялық зерттемелері әлемдік деңгейдегі 2 жаңалық, 10 технология, 18 патент, 4 алдын ала патент және 9 енгізу актісі материалдарымен дәлелденген.

Авторлар ұжымымен әзірленген бериллийді алу, қайта өңдеу және дайын өнімді шығару технологиясы өнеркәсіптік деңгейде өндіріске енгізілді. Жаңа технологияларды енгізу негізінде авторлар бериллий тотығынан бірегей электрофизико-химиялық қасиеттерге ие, экспортқа бағдарланған өнімнің 150-ден астам жаңа түрлерін алуға қол жеткізді. Бұл өнім Ресей, Украина, Беларусь, Польша мен Израиль елдерінің әскери-өнеркәсіптік кешендерінің қорғаныс орындарына экспортталады.

Қазіргі кезде осы өңдеуді өз кәсіпорындарында енгізуге әлемнің жетекші елдері – АҚШ, Қытай, Израиль, Индия және т.б. асқан қызығушылық танытуда.

Алынған жетістіктер ұжымның көпжылдық ынтымақтастығының нәтижесі әрі ғылым-білім-өндірістің нақты ықпалдастығының көрсеткіші болып табылады және отандық ғылымның жаңа даму белесіне шығуына мүмкіндік береді.

 

Баспасөз қызметі