«Fraunhofer IFF» өкілімен кездесу

31.01.2018

Көрулер: 822

ҚазҰУ ректоры «Fraunhofer IFF» өнеркәсіптік өндіріс және автоматтандыру институтының консультативтік кеңес жөніндегі төрағасы Бергард Чилмен кездесті.

Сөз алған Бергард Чил: «Fraunhofer IFF» - қолданбалы зерттеу институттарды біріктіретін Еуропадағы ең ірі ұйым болып табылады. Біздің ұйым неміс және шетелдік компаниялардың өнімдерін өндіруге көмектеседі. Және жеке шешімдер шығарып адамдар мен техника бірге жұмыс істейтін жұмыс жүйелерін дамытады. Осы жұмыс жүйелерін тиімді өндірістік жүйелерде біріктіріп, оларды бір-бірімен байланыстыру үшін зияткерлік инфрақұрылым қолданады. Ұйым технологияларды толық зерттеп, жетілдіріп оны компанияға қысқа уақыт ішінде енгізіп әр саладағы зерттеу тәжірибесін біріктіре біледі. Осылайша, ұйым компаниялардың нарыққа бейімделуіне және олардың өнімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді төраға. Сондай-ақ ол Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісі қарқынды дамып, оған үкімет тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған ҚазҰУ ректоры ұйым мен ҚазҰУ арасында қолданбалы зерттеу институттарымен бірлесе ғылыми жобалар дайындау, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар саласын және шағын кәсіпкерлікті дамыту жайын талқыға салды.

Баспасөз қызметі